Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Құрылтай депутаттарын сайлауға барып, дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сайлау учаскелерінің маңында концерттер, шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі, ұлттық ойындар, жәрмеңкелер және басқа да мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған.
Дауыс беру күні Маңғыстау облысындағы қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болды. Қала автобустары тұрғындарға сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін тегін қызмет көрсетеді.
Өңірде 267 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Маңғыстау облысында 457 775 азаматтың дауыс беру құқығы бар.