Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары Құрылтай депутаттарын сайлауға үлес қосып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz СІМ-ге сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Аустрия, Бельгия, Германия, Испания, Италия, Мажарстан, Словакия, Франция, Швейцария, Ұлыбритания және Португалиядағы сайлау учаскелерінде дауыс беру жүріп жатыр.
Уақыт белдеулеріне сәйкес Бразилия, Канада және АҚШ-тағы сайлау учаскелері де жұмысын бастады.