Қызылорда облысындағы сайлау учаскесінде «Ауылдың дәмі» көрмесі ұйымдастырылды

Бүгін, 16:02 / Інжу Әлихан
Қызылорда облысы өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы №165 сайлау учаскесінде «Ауылдың дәмі» атты жергілікті ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көрмеге ауыл тұрғындарының дастарқанынан біртіндеп ұмытылып бара жатқан дәстүрлі тағамдар қойылып, ұлттық аспаздық мәдениетті дәріптеуге ерекше мән берілді. Келушілерге халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан тағамдардың дайындалу ерекшеліктері таныстырылды.

Көрем арқылы ұлттық тағамдарды ұлықтау, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлерді сақтау және жастарға насихаттау мақсаты көзделді.

Осындай тағамдар көрмесі ауылдың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын дәріптеп қана қоймай, көпшілікке қазақы дастарқанның қадір-қасиетін танытатын тағылымды бастамаға айналды.