Жаңаарқада сайлаушыларға бауырсақ пен қымыз берілді

Бүгін, 15:58 / Ербұлан Қайрат

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында Құрылтай депутаттарының сайлауына келген тұрғындарға бауырсақ пен қымыз ұсынылды, деп хабарлайды turkystan.kz өңірдің ӨКҚ-ға сілтеме жасап.

Ұлттық тағамдар қойылған дастарқан сайлау учаскесінде қазақтың қонақжай дәстүрін танытқан ерекше бастама болды. Дауыс беруге келген азаматтар бауырсақ пен қымыздан дәм татып, өз таңдауларын жасады.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеген бұл көрініс Жаңаарқа ауданындағы сайлау күнінің есте қаларлық сәттерінің бірі болды.