Түркістан облысында аю мен трансформер кейпінде келген тұрғындар дауыс берді

Бүгін, 15:52 / Інжу Әлихан
Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында Құрылтай сайлауы ерекше әрі көңілді көрініспен жалғасты. №190 сайлау учаскесіне горилла, аю және трансформер кейпіндегі азаматтар келіп, дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz

Түрлі кейіпкерлердің ерекше бейнеде сайлау учаскесіне келуі - тұрғындар мен балалардың назарын аударды. Құрылтай сайлауына қатысқан олар сайлау күнінің атмосферасын жандандырып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Әдеттен тыс образдар сайлау учаскесіне келген азаматтар үшін естен кетпес көрініске айналды. Горилла, аю және трансформер бейнесіндегі кейіпкерлердің бірге жүруі сайлау күніндегі ерекше сәттердің біріне енді. Бұл бастама қоғамдық маңызды шараның мазмұнын түрлендіріп, тұрғындардың назарын сайлау процесіне аударуға бағытталған. Ең бастысы, көңілді атмосферамен қатар азаматтардың өз таңдауын жасауға қатысуы.

Айта кетейік, Бәйдібек ауданында 50 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Аудан бойынша 28 745 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.