Ұлытау ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беруге келген тұрғындарға «Бақытты бюллетень» атты шағын лотерея ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz өңірдің ӨКҒ-ға сілтеме жасап.
Акция аясында дауыс берген азаматтарға кездейсоқ таңдау арқылы естелік сыйлықтар – магниттер, төсбелгілер және брелоктар берілді.
Сыйлықтар сайлаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, маңызды саяси науқанға белсенді қатысушыларға жақсы әсер қалдырды.