Сайлау ашық әрі заң талаптарына сай өтіп жатыр – ТМҰ байқаушылары

Бүгін, 15:50 / Дана Ізтілеуова

Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушылары 30 сайлау учаскесінде болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сайлау барысы Қазақстанның заңнамасына сәйкес ашық өтіп, дауыс беру құпиясы сақталуда. Бұл туралы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз мәслихатында ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Нуру Гулиев мәлімдеді.

«Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі және көру қабілеті нашар азаматтар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Тиісті техникалық құралдар бар. Барлық сайлау учаскесінде байқаушылар да, сайлау комиссияларының мүшелері де бюллетеньдер салынатын жәшікті анық көре алады. Олар учаскенің ортасына орналастырылған және дауыс беру процесіне қатысушылардың барлығына көрініп тұр», – деді спикер.