Ақылбек Жеменей: Ел болашағы – ортақ жауапкершілік

Бүгін, 15:33 / Інжу Әлихан
Маңғыстау облысы ҚКО

Ақтауда танымал эстрада әнші Ақылбек Жеменей сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі сайлауға қатысу әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін көрсететін маңызды қадам екенін атап өтті.

– Бүгін өз азаматтық таңдауымды жасап, дауыс бердім. Елдің болашағы халықтың белсенділігімен тікелей байланысты. Сондықтан сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз, – деді Ақылбек Жеменей.