"Елімай" футбол клубының ойыншылары сайлауға барды – ВИДЕО

Бүгін, 15:25 / Ербұлан Қайрат

«Елімай» футбол клубының ойыншылары Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Клуб өкілдері сайлауға қатысу әрбір қазақстандықтың азаматтық жауапкершілігі әрі елдің болашағына үлес қосудың маңызды мүмкіндігі екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бүгін Абай облысында 464 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Өңірде 402 408 тұрғынның дауыс беруге құқығы бар.