Жетісу облысында ауылдың 200-ге жуық тұрғыны дауыс беруге бірге келді (ВИДЕО)

23 тамыз, 2026 / Дана Ізтілеуова
видеодан скриншот

Жетісу облысы Көксу ауданындағы Жетіжал ауылының 200-ге жуық тұрғыны сайлау учаскесіне бірге барды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ауыл тұрғындары Жетіжал ауылының №264 сайлау учаскесіне көтеріңкі көңіл күймен ән айтып, ұйымдасқан түрде келді.
Жетіжалдықтардың бір уақытта жиналып, дауыс беруі – ауыл тұрғындарының ұйымшылдығы мен азаматтық белсенділігінің жарқын көрінісі. Әнмен басталған бұл ерекше сәт сайлау күнінің атмосферасын да айшықтай түсті.

Тұрғындар өз таңдауын жасап, елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысып жатқанын көрсетті.