Оралдағы ауылда енелер мен келіндер дауыс беруге бірге барды

Бүгін, 15:12 / Дана Ізтілеуова

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан ауылдық округіне қарасты Атамекен ауылының жас келіндері мен енелері сайлау учаскесіне бірге барып, дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бірге келген ақ жаулықты енелер мен ибалы келіндердің бұл қадамы – ұрпақ сабақтастығы мен отбасылық тәрбиенің, өзара сыйластық пен берекенің жарқын көрінісі. Елдің ертеңіне бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытқан ауыл әйелдерінің ұйымшылдығы көпшілікке жақсы көңіл-күй сыйлады», – делінген хабарламада.