"Ақтөбе" футбол клубының ойыншылары дауыс берді – ВИДЕО

Бүгін, 15:12 / Ербұлан Қайрат

«Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары Алтын Орда шағынауданындағы №80 орта мектептегі №581 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қызыл-ақтар командасының мүшелері Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына бірге қатысты.

Клуб өкілдерінің айтуынша, футболшылар үшін алаңда өңір намысын қорғаумен қатар, қоғамдық өмірге азамат ретінде араласу да маңызды. Спорттағы жауапкершілік пен командалық рух футбол алаңынан тыс жерде де жалғасын тапты.

«Ақтөбе» футбол клубы өз жанкүйерлерін сайлауға қатысып, азаматтық таңдауын жасауға шақырды.