Ақтөбе облысы Шұбарқұдық ауылында жас жұбайлар үйлену тойы күні дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шұбарқұдықта шаңырақ көтерген жас жұбайлар Рашид Аслан Рашидұлы мен Саликжанова Ақгүл Бекболатқызы өздерінің ерекше күнінде сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасады. Ақ некемен жаңа өмірге қадам басқан жастар қуанышты күндерінің бір сәтін ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысуға арнады.
Сайлау учаскесінде ақсақал мен ақ жаулықты әже жас жұбайларға ақ батасын беріп, жаңа шаңырақтарына амандық пен бақ тіледі.
Осылайша, Аслан мен Ақгүл үшін бұл күн отбасылық өмірдің басталуымен ғана емес, азаматтық таңдау жасауымен де есте қалды.