Жетісу облысы Қарашоқы ауылында тұрғындар Құрылтай сайлауына ерекше форматта қатысып, бір мезетте дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
№174 және №175 сайлау учаскелеріне ауыл тұрғындары бір уақытта жиналып, «Бір ауыл - бірлікпен» ұранымен өз таңдауын жасады.
Бір мезетте дауыс беру бастамасы Қарашоқы тұрғындарының ұйымшылдығы мен азаматтық белсенділігін көрсетті. Ауыл халқы үшін бұл - жай ғана сайлауға қатысу емес, елдің болашағына қатысты ортақ таңдау жасауға бірлікпен атсалысудың көрінісі.
Қарашоқылықтардың бұл бастамасы Жетісу облысының өзге ауылдарында да қолдау тапты. Бүгін осындай форматта облыстың тағы бес ауылында тұрғындар бір мезетте Құрылтай сайлауына қатысып, ел болашағына өз таңдауын білдіруде.
Бір ауыл. Бір мезет. Бірлікпен жасалған таңдау.