Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында Құрылтай депутаттарын сайлауда есімі туған өлке құрметіне қойылған азамат өз таңдауын жасап, дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өңірдің қасиетті атауын иеленген азаматтың сайлау учаскесіне келіп, конституциялық құқығын пайдалануы – туған жерге деген құрметі мен елдің қоғамдық-саяси өміріне деген азаматтық жауапкершілігінің көрінісі.
Маңғыстау – кіндік қаным тамған қасиетті мекен. Бүгін өз таңдауымды жасап, ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымымды білдірдім. Туған жеріміз түлеп, еліміз өркендей берсін. Халқымыздың бірлігі бекем, болашағымыз жарқын болсын, – деді ол.
Бейнеу ауданында Құрылтай сайлауы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, сайлаушылардың еркін таңдау жасауына барлық қажетті жағдай жасалды.