Бүгін елімізде алғашқы Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Ел халқы алғаш рет Құрылтай депутаттарын таңдап, дауыс беріп жатыр. Көкшетау қаласындағы №804 сайлау учаскесінде «Әділет» партиясынан бақылаушы болып отырған Гауһар Хамитова сайлаудың жақсы өтіп жатқанын айтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бүгін мен «Әділет» партиясының бақылаушысы ретінде сайлау учаскесінде жұмыс істеп жатырмын. Біздің міндетіміз – дауыс беру процесінің дұрыс әрі ашық өтуін бақылау. Жалпы, сайлау тыныш өтіп, халық өз таңдауын жасап жатыр. Бақылаушы ретінде барлық процестің заңға сәйкес өтуіне мән беріп отырмыз. Мен үшін ең маңыздысы – әр адамның өз таңдауын еркін жасауы және әр дауыс әділ есептелуі», – дейді ол.