"Дауыс беріп, жұмысымызды жалғастырамыз": Қосшыда курьерлер сайлауға барды

Бүгін, 14:30 / Ербұлан Қайрат

Қосшы қаласындағы №740 сайлау учаскесіне қызмет көрсету саласының екі өкілі дауыс беруге барды. Бұл туралы Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Курьер мен жеткізуші тапсырыстарды уақытында апару үшін тыным таппайды. Соған қарамастан, олар дауыс беруге арнайы уақыт бөліп, сайлау учаскесіне бірге келген.

«Жұмысымыз қауырт болса да, сайлауға қатысуға уақыт табуға болады деп ойлаймын. Қазір дауыс беріп, кейін жұмысымызды жалғастырамыз. Әр азаматтың дауысы маңызды», деді олардың бірі.