Көкшетауда мотоклуб байкерлері дауыс беруге барды

Бүгін, 14:23 / Ербұлан Қайрат

Көкшетаудағы сайлау учаскелерінің біріне мотоклуб мүшелері толық құраммен барды. Бұл туралы Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түскі уақытта бірнеше мотоциклдің учаске маңына қатар келуі тұрғындардың назарын аударды. Байкерлер көліктерін тұраққа қойып, сайлау учаскесіне бірге кірді және әрқайсысы өз таңдауын жасады.

Мотоклуб мүшелерінің айтуынша, топпен келу олардың жолда да, күнделікті өмірде де бір команда болып әрекет ету дәстүрінің жалғасы болған.

«Біз жолда үнемі бірге жүруге, бір-бірімізді қолдауға және ортақ әрекет етуге үйренгенбіз. Бүгін де дауыс беруге бір топ болып келуді шештік. Бұл күнді бірге өткізіп, өз таңдауымызды жасау үшін жақсы мүмкіндік болды», деді мотоклуб мүшелерінің бірі.

Дауыс бергеннен кейін байкерлер мотоциклдерінің жанында суретке түсіп, қайтадан колоннаға жиналып, жолын жалғастырды. Олардың ерекше сапары Көкшетаудағы сайлау күнінің есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.