Қазірге дейін 7 миллионға жуық тұрғын дауыс берді – ОСК

Бүгін, 14:20 / Алуа Арман

Орталық сайлау комиссиясының, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес қазірге дейін тізімге енгізілген азаматтардың 53,12%-ы дауыс берген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өңірлер бойынша сағат 14.00-дегі жағдай мынадай:

1. Астана қаласы бойынша – 40,92%.

2. Абай облысы бойынша – 63,07%.

3. Ақмола облысы бойынша – 61,15%.

4. Ақтөбе облысы бойынша – 60,87%.

5. Алматы облысы бойынша – 54,57%.

6. Атырау облысы бойынша – 54,49%.

7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,21%.

8. Жамбыл облысы бойынша – 50,58%.

9. Жетісу облысы бойынша –  62,89%.

10. Қарағанды облысы бойынша – 62,79%.

11. Қостанай облысы бойынша – 55,86%.

12. Қызылорда облысы бойынша – 64,22%.

13. Маңғыстау облысы бойынша – 50,65%.

14. Павлодар облысы бойынша – 54,01%.

15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 58,63%.

16. Түркістан облысы бойынша –  57,72%.

17. Ұлытау облысы бойынша – 53,31%.

18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,10%.

19. Алматы қаласы бойынша – 30,36%.

20. Шымкент қаласы бойынша – 55,32%.

Жалпы еліміз бойынша сағат 14.00-дегі 6 696 002 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 53,12% құрады.

Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305  учаскеде дауыс беру аяқталды.

Тэгтер:

сайлау ОСК Құрылтай Дауыс беру