Абай облысы Бесқарағай ауданында түрлі этнос өкілдері Құрылтай сайлауында бірге дауыс берді деп хабарлайды turkystan.kz Абай облысы Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Бесқарағай ауданы – 30-ға жуық этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп, ынтымақ пен бірлікті берік ұстанған өңір.
Бүгін Құрылтай депутаттарын сайлау күні ауданымыздағы түрлі этнос өкілдері сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады.
– Ауданымызда 30-ға жуық этнос өкілі бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп келеді. Бүгін де барлығымыз бірге келіп, ел болашағы үшін өз таңдауымызды жасадық. Бірлігіміз бен татулығымыз әрдайым берік болсын, – деді Неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Надежда Зигле.