Мемлекет басшысы партиялар арасындағы саяси бәсекеге баға берді

Бүгін, 14:00 / Інжу Әлихан
Ақорда

Мемлекет басшысы Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берген соң бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Брифинг кезінде «Еуразия бірінші» телеарнасының тілшісі Қырмызы Жандос Мемлекет басшысынан осы жолғы партиялар арасындағы саяси бәсекенің деңгейіне қандай баға беретінін сұрады.

– Мен бұл мәселеге оң баға берсем, қателеспеймін. Меніңше, саяси науқан жақсы өтті. Өте ұтымды, мазмұнды теледебаттар болды. Жастарымыз пікірталастарды зор ықыласпен тамашалады. Оған бәріміз де куә болдық. Бұл жаңғыруымыздың жаңа кезеңі әрі қарышты қадам болды деп айта аламын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.