Әнші Кенжебек Жанәбілов ауруханада дауыс берді

Бүгін, 13:46 / Інжу Әлихан
Алматы қаласының Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Алматыда «МузАРТ» тобының солисі, белгілі әнші Кенжебек Жанәбілов Құрылтай депутаттарының сайлауында таңдау жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Денсаулығына байланысты ауруханада ем қабылдап жатқан өнер иесі ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, арнайы ұйымдастырылған дауыс беру мүмкіндігін пайдаланды. Осылайша, Кенжебек Жанәбілов азаматтық жауапкершілігін танытып, дауыс берді.

Ол әр азаматтың ел тағдырына қатысты маңызды шешімге үлес қосуы қажет екенін атап өтті.

«Бүгін таңдау жасадым. Сіздер де дауыс беріп, елдің болашағы үшін жанымызды салайық», - деді Кенжебек Жанәбілов.