Теміртауда сайлаушылар Одиссей, Пенелопа және Телемах образында дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz Қарағанды облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Теміртау қаласындағы №262 сайлау учаскесінде тұрғындар Одиссей, Пенелопа және Телемахтың образын сомдап, өз таңдауларын жасады.
Оларды грек этномәдени бірлестігінің ұлттық киімдегі мүшелері бірге алып жүрді. Ерекше образдар сайлау учаскесіне келген азаматтардың назарын аударып, дауыс беру күнінің есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.