Түркістан қаласында бірнеше тұрғын Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу үшін сайлау учаскесіне қайықпен барды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ерекше көлік түрін таңдаған азаматтар учаскеге көтеріңкі көңіл күймен кіріп, өз таңдауларын жасады. Бұл көрініс Түркістандағы сайлау күнінің есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.
Айта кетейік, Түркістан қаласында барлығы 68 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 66-сы ашық учаске болса, екеуі жабық нысандарда орналасқан.
Қалада 136 602 азаматтың дауыс беру құқығы бар.