Қосшы құрылысшылары жұмыстағы үзілісті пайдаланып сайлауға барды

Бүгін, 12:22 / Ербұлан Қайрат

Ақмола облысы Қосшы қаласындағы №748 сайлау учаскесіне бір топ құрылысшы барып, өз таңдауын жасады. Бұл туралы Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құрылыс саласының қызметкерлері жұмыс арасындағы үзілісті пайдаланып, сайлау учаскесіне бірге барған. Олардың айтуынша, жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, дауыс беруге алдын ала уақыт бөлуге болады.

«Біз күн сайын құрылыс алаңында еңбек етіп, қаланың дамуына үлес қосып жүрміз. Бүгін жұмыс арасынан уақыт тауып, сайлау учаскесіне бірге келдік. Әр азамат өз таңдауын жасауы керек деп есептеймін. Елдің болашағына қатысты мәселелерге бейжай қарауға болмайды», деді құрылысшылардың бірі.

Арнайы қорғаныс киімімен дауыс беруге келген жұмысшылар сайлау күніндегі еңбек адамдарының азаматтық белсенділігін көрсеткен ерекше сәттердің біріне айналды.