Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрылтай сайлауы – маңызды тарихи оқиға

Бүгін, 12:12 / Дана Ізтілеуова

Мемлекет басшысы Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берген соң бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Брифинг кезінде Президент бүгін еліміз үшін тарихи күн екенін айрықша атап өтті.

– Шын мәнінде, бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.