Абай облысы Ақсуат ауданында Құрылтай есімді азамат дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz Абай облысы Коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Ақсуат ауданының Ойшілік ауылындағы №175 сайлау учаскесінде Құрылтай Әлімжанов өз таңдауын жасады.
Құрылтай Әлімжанов 1958 жылы Шәуешек қаласында дүниеге келген. 1962 жылы отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударған. Еңбек жолын 1983 жылы Комсомол кеңшарында бастап, ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында қызмет еткен.
Бүгінде 68 жастағы ауыл тұрғыны қоғамдық өмірге белсенді араласып келеді. Оның айтуынша, сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау – әр азаматтың жауапкершілігі.