Құрылтай – 2026: Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков сайлауда дауыс берді

Бүгін, 11:53 / Алуа Арман

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстан Республикасының жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мегаполис басшысы №231 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Бүгін елімізде ҚР Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Шымкент қаласында дауыс беру 365 сайлау учаскесінде ұйымдастырылған.

Сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылып, 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Тэгтер:

Шымкент сайлау Ғабит Сыздықбеков Құрылтай