Құрылтай – 2026: Әлемнің 40-тан астам елінде сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Бүгін, 11:48 / Ербұлан Қайрат

Әлемнің 40-тан астам елінде Құрылтай сайлауына дауыс беру жүріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz СІМ-ге сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауға арналған учаскелер жұмыс істеп тұр.

Жапония мен Оңтүстік Кореядан кейін Қытай, Сингапур, Моңғолия, Малайзия, Таиланд, Вьетнам және Индонезиядағы сайлау учаскелері ашылды.

Шетелдегі қазақстандықтар Ресей, Үндістан, Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Сауд Арабиясы, Түркия, Беларусь, Латвия, Литва, Эстония, Грекия, Болгария, Румыния, Чехия, Польша, Хорватия, Нидерланд, Финляндия, Швеция, Норвегия, Молдова, Иордания, Қатар, Кипр, Ливан және Кувейтте дауыс беріп жатыр.

Уақыт белдеулеріне байланысты Еуропаның өзге елдеріндегі сайлау учаскелері де кезекпен жұмысын бастайды.