Шымкентте сайлау учаскесінде асық ату, шахмат және дойбыдан жарыс өтті

Бүгін, 11:36 / Дана Ізтілеуова

Шымкентте Құрылтай депутаттарының сайлауына орай №84 жалпы білім беретін мектепте орналасқан №130 сайлау учаскесінде ұлттық ойындар ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық спортты дәріптеп, тұрғындардың белсенділігін арттыру және ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан дәстүрлі ойындарды кеңінен насихаттау.

Іс шара барысында шахмат, дойбы және асық атудан жарыстар өтіп, 20-ға жуық қатысушы бақ сынады.

Қатысушылар зейін мен ой ұшқырлығын талап ететін ойындарда шеберліктерін көрсетіп, өзара тартысты бәсекеге түсті.

Ұлттық ойындарды сайлау күнімен сабақтастыра өткізу тұрғындардың қоғамдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге де мүмкіндік берді. Әсіресе асық ату секілді дәстүрлі ойындардың кеңінен насихатталуы жас ұрпақтың ата дәстүріне қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Мұндай бастамалар сайлау күнінің мазмұнын байытып, тұрғындардың ел өміріндегі маңызды қоғамдық шараға белсенді қатысуына жағымды орта қалыптастырады.