Шымкентте батырлар бейнесіндегі актерлер сайлауда дауыс берді

Бүгін, 11:25 / Інжу Әлихан
Шымкент Қаласы өңірлік коммуникация орталығы

Шымкенттегі сайлау учаскелерінде дауыс беру жалғасып жатыр. Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға өнер адамдары да белсенді қатысып, №231 сайлау учаскесіне қазақтың батырларының бейнесін сомдайтын театр актерлері келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық нақыштағы батырлар киімін киген актерлер өз азаматтық таңдауын жасады. Сахнада ел қорғаған ерлердің бейнесін жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа ұлттық рух пен тарихи құндылықтарды насихаттап жүрген өнер иелерінің бұл бастамасы сайлау учаскесіне келген тұрғындардың назарын аударды.

Актерлердің батырлар бейнесінде келуі сайлау күнінің мазмұнын айшықтап қана қоймай, ел тарихы мен бүгінгі азаматтық жауапкершіліктің сабақтастығын көрсетті.

Өнер иелері осылайша өз таңдауын жасап, елдің қоғамдық өміріне белсенді араласудың үлгісін көрсетті.