Назым Қызайбай Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Бүгін, 11:14 / Алуа Арман

Белгілі боксшы Назым Қызайбай Алматы облысының Жаңашар ауылындағы сайлау учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сайлауда дауыс беру мен үшін – өз позициямды білдіріп, елімнің болашағына үлес қосатын мүмкіндік. Әр азамат өз таңдауының маңызды екенін түсінуі керек. Бүгін мен сайлау учаскесіне келіп, өзімнің азаматтық парызымды орындадым», — деді ол.

Айта кетейік, Назым Қызайбай әйелдер боксынан Қазақстанның үш дүркін чемпионы, XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Тэгтер:

Назым Қызайбай сайлау Құрылтай