Құрылтай – 2026: Әділет министрі дауыс берді

Бүгін, 11:11 / Ербұлан Қайрат

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Құрылтай сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ерлан Сәрсембаев Астанадағы №130 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Министр жаңадан құрылатын бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына қатысып, дауыс берді.

Ерлан Сәрсембаев бұл сайлаудың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін атап өтті. Оның айтуынша, әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, Қазақстанның болашағын айқындауға үлес қосуы маңызды.