Құрылтай – 2026: Қаржы министрі 18-ге толған ұлымен бірге дауыс беруге барды

Бүгін, 11:02 / Ербұлан Қайрат

Қаржы министрі Мәди Такиев Құрылтай депутаттарын сайлауға ұлы Асылжанмен бірге барды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жуырда 18 жасқа толған Асылжан да сайлаушы ретінде өзінің азаматтық таңдауын жасады.

Бүгін, 23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Құрылтай құрамына партиялық тізім бойынша сайланатын 145 депутат кіреді. Олардың өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, ел аумағындағы сайлау учаскелері дауыс беруге толық дайындалған. Учаскелердің басым бөлігі сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.