Алматыда 100 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері дауыс берді

Бүгін, 10:54 / Інжу Әлихан
Алматы қаласының Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Алматының Жетісу ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, 100 жастағы Илья Григорьевич Кудин сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғасыр жасағанына қарамастан, Илья Григорьевич азаматтық белсенділігін сақтап, қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларға қатысуды парыз санайды. Ол өнегелі ісімен ел болашағына бейжай қарамаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетіп келеді.

Ардагердің өмір жолы ерлік пен қайсарлықтың, Отанға адалдықтың үлгісі. Бүгінде де жауапкершілік пен елге деген сүйіспеншілікті өмірлік құндылық деп білетін азамат ретінде көпшілікке өнеге болып отыр.