Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов алғашқы Құрылтай сайлауына қатысып, №90 сайлау учаскесіне барып дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өңір басшысы сайлауға қатысудың, әр дауыстың қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
Атырау облысында 278 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Облыстың 428 127 тұрғыны дауыс беру құқығына ие, оның ішінде 3 244 азаматтың мүгедектігі бар.
Заңнамаға сәйкес, сайлау учаскелері сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін ашық.