Алматы тұрғыны сайлауға батырдың киімін киіп барды

Бүгін, 10:53 / Ербұлан Қайрат

Алматыдағы сайлау учаскелерінің біріне батырдың киімін киген жас жігіт келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz Алматы ӨКҚ-ға сілтеме жасап.

Ұлттық нақыштағы киімімен көпшіліктің назарын аударған сайлаушы азаматтық борышын ерекше бейнеде орындады. Қазақ батырларының айбынды тұлғасын танытқан образ сайлау учаскесіндегі жұртшылыққа әсер қалдырып, дауыс беру күнінің есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.