Құрылтай – 2026: Суретшілер одағының төрағасы дауыс берді

Бүгін, 10:49 / Ербұлан Қайрат

Суретшілер одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өмірбек Жұбаниязов Құрылтай депутаттарын сайлауға барды, деп хабарлайды turkystan.kz Алматы ӨКҚ сілтеме жасап.

Өнер қайраткері №577 сайлау учаскесіне барып, өзінің азаматтық таңдауын жасады. Дауыс бергеннен кейін ол сайлаудың ел болашағы үшін маңызына тоқталып, әрбір азаматтың жауапкершілік танытуы қажет екенін атап өтті.

– Бүгін – ерекше күн. Құрылтай депутаттарын сайлау еліміздің болашағы үшін маңызды саяси науқан саналады. Әрбір қазақстандық азаматтық борышын орындап, елдің ертеңі үшін таңдау жасауы керек. Мен де өз таңдауымды жасадым, – деді Өмірбек Жұбаниязов.

Тэгтер:

сайлау Құрылтай