Қарағандыда дауыс беру процесі тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр – бақылаушы

Бүгін, 10:46 / Інжу Әлихан

Қарағандыдағы №16 сайлау учаскесінде «Әділет» партиясынан бақылаушы болып отырған Айтгүл Қалиева дауыс беру процесі тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның сөзінше, бақылаушылар сайлаушылардың өз таңдауын еркін білдіруіне және дауыс беру тәртібінің сақталуына назар аударып отыр.

«Бүгін мен №16 сайлау учаскесінде бақылаушы ретінде өз міндетімді атқарып отырмын. Негізгі мақсатым – дауыс беру процесінің заң талаптарына сәйкес, ашық әрі ұйымдасқан түрде өтуін бақылау.

Сайлаушылардың өз таңдауын еркін білдіруіне және дауыс беру тәртібінің сақталуына назар аударып отырмын. Сонымен қатар дауыс беру кезінде белгіленген талаптардың сақталуын қадағалап, сайлау процесінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуіне мән берудемін.

Қазір сайлау учаскесіндегі жағдай тұрақты. Дауыс беру процесі тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Сайлаушылар өз таңдауын еркін жасап, дауыс беру тәртібін сақтап отыр», – деді бақылаушы.