Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, полицияның басты міндеті – дауыс беру басталғаннан аяқталғанға дейін, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Барлық дайындық алдын ала жүргізілді. Сайлау учаскелерінің қауіпсіздігі тексеріліп, олар тәулік бойы күзетке алынды. ІІМ-де жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Елдің барлық өңірінен ақпарат үздіксіз, онлайн режимде түсіп отыр. Қазіргі уақытта елдегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ», – деді спикер онлайн-марафон аясында ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі полиция сайлау процесіне араласпайтынын атап өтті. Полиция қызметкерлері дауыс беру залына сайлау комиссиясының төрағасы шақырған жағдайда ғана кіре алады.