Петропавлда футболшы Эрлинг Холанд кейпіндегі тұрғын дауыс беруге келді

Бүгін, 10:11 / Ербұлан Қайрат

Петропавл қаласындағы сайлау учаскелерінің біріне футболшы Эрлинг Холандтың кейпіне енген тұрғын келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ер адам норвегиялық шабуылшының образында келіп, өзін әзілмен «Эрлинг Холандпын» деп таныстырған. Ол өзгеше киімімен сайлау учаскесіне келушілердің назарын аударып, Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді.

Бұл көрініс сайлау күніндегі көңілді сәттердің біріне айналды. «Футбол жұлдызымен» суретке түсуге ниет білдіргендер де табылды.

Бүгін, 23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Құрылтай құрамына партиялық тізім бойынша сайланатын 145 депутат кіреді. Олардың өкілеттік мерзімі – бес жыл. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, ел аумағындағы сайлау учаскелері дауыс беруге толық дайындалған. Учаскелердің басым бөлігі сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Тэгтер:

Эрлинг Холанд