Мәскеуде Қазақстан Елшілігі жанындағы сайлау учаскесі ашылды

Бүгін, 09:47 / Ербұлан Қайрат
сурет: СІМ

Ресейде тұратын немесе уақытша жүрген Қазақстан азаматтары бүгін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысып жатыр. Мәскеуде Қазақстан Елшілігінің жанындағы дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Учаске Мәскеу уақыты бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Мәскеудегі учаскеде Ресей астанасы мен оған жақын өңірлерде тұрақты немесе уақытша жүрген, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары өз таңдауын жасай алады. Олардың қатарында Ресейде жұмыс істейтіндер мен білім алып жүрген студенттер де бар.

Бүгін Қазақстан тарихында алғаш рет жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Құрылтай құрамындағы 145 депутат партиялық тізімдер бойынша бес жыл мерзімге сайланады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, шетелде жүрген азаматтардың дауыс беруі үшін Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанынан арнайы учаскелер құрылған.

Тэгтер:

сайлау Мәскеу Құрылтай