Қосшыда «Бозоқ аруы» киім үлгісін киіп келген тұрғын дауыс берді

Бүгін, 09:41 / Дана Ізтілеуова

Қосшы қаласының №740 сайлау учаскесіне Қосшы қаласы аналар кеңесінің төрайымы Әйгерім Асхатқызы Көкеева «Бозоқ аруы» киім үлгісімен келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

“Бозоқ аруы”– Астананың іргесіндегі ежелгі Бозоқ қаласына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ару.

Ортағасырлық Бозоқ қаласы – Ақмоланың тікелей атасы, ал оның соңғы ұрпағы – қазіргі Қазақстанның елордасы Астана деп есептеуге болады. Бозоқ қаласын топырақтан аршыған археолог-ғалым Кемел Ақышевтің қазба жұмысы кезінде табылған әйел 800 інжу маржанмен көмкерілген қыпшақ аруы.