Құрылтай-2026: Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов дауыс берді

Бүгін, 09:38 / Інжу Әлихан
Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Министрлік басшысы азаматтардың еліміздің жаңа өкiлдi органын қалыптастыруға қатысуының маңыздылығын атап өтті.

«Бүгін Қазақстанның саяси дамуындағы маңызды кезең. Сайлауға қатысу - азаматтық жауапкершіліктің көрінісі әрі әр азаматтың ел болашағына өз үлесін қосу мүмкіндігі», – деді Ербол Мырзабосынов.

Дауыс беруге сондай-ақ Министрлік қызметкерлері, еліміздің түкпір-түкпіріндегі спорт және туризм саласының өкілдері қатысуда. Шетелде жүрген қазақстандық спортшылар, жаттықтырушылар және саланың басқа да өкілдері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанынан ашылған сайлау учаскелерінде өздерінің сайлау құқығын жүзеге асыруда.

Бүгін спорт және туризм қауымдастығының өкілдері еліміздің барлық азаматтарымен бірге маңызды қоғамдық-саяси шараға қатысуда.