Жамбыл облысында Құрылтай сайлауын 12 халықаралық байқаушы бақылауда

Бүгін, 09:24 / Дана Ізтілеуова

Жамбыл облысына Құрылтай сайлауын бақылау үшін Еуропаның бірқатар елдерінен 12 халықаралық байқаушы келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шетелдік сарапшылар өңірдегі сайлау учаскелерінің жұмысымен танысып, дауыс беру барысын бақылауда. Олар сайлау рәсімдерінің заң талаптарына сай өтуіне, дауыс беру процесінің ашықтығы мен ұйымдастырылуына назар аударуда.

Халықаралық байқаушылар учаскелердегі дауыс беру тәртібін, сайлаушыларға жасалған жағдайды және жалпы сайлау процесінің ұйымдастырылуын бағалайды.

Жамбыл облысында сайлау учаскелері таңғы уақыттан бастап жұмыс істеп, азаматтар өз таңдауын жасауда. Халықаралық өкілдердің қатысуы өңірдегі сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын бақылауға мүмкіндік беріп отыр.