Құрылтай сайлауы-2026: Атырауда алғаш болып дауыс берген тұрғынға сыйлық берілді

Бүгін, 08:52 / Дана Ізтілеуова

Атыраудағы №241 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген Айша Шакмановаға арнайы сыйлық табысталды. Ол таңсәріден учаскеге келіп, өз азаматтық таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Әр сайлауға алғашқылардың бірі болып келуге тырысамын. Бұл мен үшін маңызды. Өйткені бүгінгі таңдауым – балаларымның, өзімнің және елімнің болашағы үшін маңызды", – дейді Айша Шакманова.

Алғашқы болып дауыс берген тұрғынға сыйлық табыстау – азаматтардың белсенділігін арттыруға бағытталған игі бастама. Бүгін Атырау тұрғындары да өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлесін қосуда.