Ұлытау облысында 116 жастағы тұрғын Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін, 08:24 / Інжу Әлихан
Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ғасырдан астам ғұмыр кешкен Түймегүл Темірбаева Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Ол – Ұлытау облысы, Қызылжар ауылының тұрғыны. 1910 жылы дүниеге келген ақ жаулықты әже биыл 116 жасқа толды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түймегүл әже елдегі маңызды қоғамдық-саяси науқаннан шет қалмай, өзінің азаматтық ұстанымын білдірді. Бұл – ел болашағына деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі әрі кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық іс.

Түймегүл әже өмірінің басым бөлігін отбасына және адал еңбекке арнаған. Жұбайы Аязбай Темірбаевпен бірге жылқы бағып, маңдай терімен еңбек еткен. Бүгінде ол 15 немере мен 25 шөберенің ардақты әжесі.