Көкшетаулық ұландықтар Құрылтай сайлауында ең алғашқы болып дауыс берді

Бүгін, 08:20 / Дана Ізтілеуова

5510 әскери бөлімінің көкшетаулық ұландықтары Құрылтай сайлауында ең алғашқы болып өз дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

23 тамызда елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтуде. Осы маңызды саяси науқанға Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінің көкшетаулық әскери қызметшілері де қатысып, өз таңдауларын жасады.

Әскери қызметшілер сайлау учаскесіне барып, Конституцияда бекітілген азаматтық құқықтарын жүзеге асырды. Олар дауыс беру арқылы елдің болашағына қатысты өз ұстанымдарын білдіріп, азаматтық жауапкершіліктерін көрсетті.

Сайлау – әр азаматтың ел дамуына өз үлесін қосып, маңызды шешімдерге қатысуына мүмкіндік беретін демократиялық үдеріс. 5510 әскери бөлімінің жеке құрамы бұл маңызды шараға белсенді қатысып, өз дауыстарын берді.