Құрылтай сайлауы-2026: Астанада қоғамдық көлік тегін қатынайды

Бүгін, 08:03 / Дана Ізтілеуова

Бүгін Құрылтай депутаттарын сайлауы күніне орай елордада оғамдық көлік тегін жүріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тегін жол жүру келесі бағыттарда қолжетімді:
• Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;
• қалалық бағдарларда;
• экспресс-бағдарларда;
• қала маңы бағдарларында.

Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады.