Маңғыстауда алғашқы дауыс берушілерге сыйлық берілді

Бүгін, 08:03 / Інжу Әлихан
Маңғыстау облысы ҚКО

Ақтауда Құрылтай сайлауы күні 267 учаске жұмыс істеп жатыр. Сайлау учаскелеріне алғашқылардың бірі боп келіп, өз таңдауын жасаған тұрғындарға сыйлық табысталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қойлыбек Желтібаев Ақтаудағы №28 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Оның айтуынша, бүгін – ел тарихындағы айтулы күн.

«Бүгін елімізде Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Осындай маңызды күні ең бірінші келіп, дауыс бердім. Мен үшін бұл – маңызды әрі жауапты қадам», - деді ақтаулық тұрғын Қойлыбек Желтібаев.